Vernel Logo

КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРМЕН БІРГЕ КІР ЖУУ ХОШ ИІСТІ РАХАТҚА АЙНАЛСЫН

Жаңа жуылған заттардың хош иісінен және балғындық сезімінен ештеңе жақсы нәрсе жоқ. Ал кір жуу процесі жөнінде не айтуға болады? Сезімдер онша жақсы емес... Жағымсыз иістерден қалай құтылатынын және заттарға кондиционердің көмегімен хош иісті қалай беретінін біліңіз. Vernel ассортиментінде ұсынылған хош иістер мен парфюмдердің кең палитрасы туралы көбірек біліңіз.

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДАН ШЫҒАТЫН ЖАҒЫМДЫ ИІСТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ

Дәл осы кір жуғыш машинада жуылған заттар таза әрі хош иісті болады деп болжануда, сондықтан барабаннан шығатын жағымсыз иісті өкінішті қателік деп есептеуге болады. Кір жуғыш машинадан шығып тұрған жағымсыз иістен құтылу үшін алдымен оның қайдан шығып тұрғанын анықтау керек.

Егер сіз алдынан жүктелетін кір жуғыш машинаның есігін ашқан кезде зең иісін байқасаңыз, ең оңай шешім - машина пайдаланылмаған кезде есікті әрқашан ашық күйінде ұстау. Кір жуғаннан кейін машинада әрқашан кішкене ылғал қалады, және, егер жуылған кірді алғаннан кейін есікті бірден жапса, есіктегі тығыз резеңке тығыздамадан бұл ылғал іште бұғатталады. Егер кір жуу арасындағы үзілісте машинаны желдетіп алып отырса, ешқандай иіс болмайды. Егер бұл көмектеспесе, машинаның ішіндегі ылғал жинала алатын барлық жерлерді мұқият қарап шығу керек. Резеңке тығыздаманың айналасындағы және оның ішіндегі бетті сүртіп алыңыз. Кір жуғыш машинаның моделіне қарай тығыздағышты шешіп шұңғылшада мұқият жууға болады. Мүмкін, сіз бірнеше тиын, шылпылдаған майлықтарды, бала шұлығын, сондай-ақ кір жуу кезінде қалталардан түсіп кеткен басқа майда заттарды табатын шығарсыз. Ылғалды ұстайтын барлық заттар бірнеше уақыттан кейін жағымсыз иіс шығара бастайды, сондықтан жағымсыз иістерден құтылу үшін осы заттарды кір жуғыш машинадан алып тастау маңызды.

Егер иіс кір жуғыш ұнтаққа арналған контейнерден шығып тұрса, әеттегідей, бұл контейнерді алып мұқият жууға болады. Контейнерді қалай алатынын нұсқаулықта көріңіз.

Ақырында, кір жуғыш машинада иістердің бар-жоғына қарамастан, барабандағы ьактериялардан құтылу үшін жоғары температурадағы кір жуу циклін жүйелі түрде қосыр тұру ұсынылады. Шамамен айына бір рет сүлгілерді, қатты ластанған ас үй тоқымасын және еден шүберектерін ең жоғары температурада жууға болады. Бұдан басқа, сірке суын, лимон қышқылын немесе машинаға арналған кәсіби тазартқыш құралды қосып, ең жоғары температурада бос барабанмен циклді қосуға болады.

ЗАТТАРДАН ШЫҒАТЫН ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ

Женщина со стопкой сложенного белья

Киім жақсы иіс шығару үшін, екі нәрсе жасау жеткілікті. Біріншіден, жуу, екіншіден, заттарға жағымды хош иіс беру. Егер бұл процесті гигиеналық рәсімдермен салыстырсақ, ол дезодорант пен әтірді пайдалану алдында душты қабылдауға ұқсас. Кір жуғыш ұнтақ және кір жууға арналған гельдер киімді тазартады және оған жеңіл хош иісті береді. Кондиционер заттарды жұмсартады және қарқынырақ хош иісті қосады. Жуылған заттардың иісі жағымды және шын мәнінде балғын болуы үшін кір жуатын ұнтақты да, кір жууға арналған кондиционерді де пайдалану керек.

ХОШ ИІСІ ЕҢ ЖАҚСЫ КОНДИЦИОНЕРДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Әрине, "хош иісі ең жақсы кондиционер" - өте субъективті ұғым. Сізге нәзік хош иістер немесе қарапайым табиғи иістер ұнау мүмкін, мүмкін сіз үшін жарқын, сәнді парфюмдер тартымды болу мүмкін. Ұнатқанға қарамастан Vernel ассортиментінде сіз өзіңізге ұнаған иісті әрқашан таба аласыз.

ӘР ТҮРЛІ ХОШ ИІСТЕРІ БАР VERNEL КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРЛЕРІ

  1. Иістері балғын кір жууға арналған кондиционерлер
    Балғын табиғи хош иістердің классикалық гаммасы заттарыңызға теңіз самалы, жазғы таң балғындығы немесе Прованс балғындығы иісін бере алады. Балғындық киімде 100 күнге дейін сақталады*, сондықтан балғындықты мүмкіндігінше ұзағырақ сезгіңіз келсе осы өнімдерді пайдаланыңыз.
  2. Ароматерапия әсері бар кір жууға арналған кондиционер
    Кір жуудан рахат алыңыз. Бөрітарақ пен раушан, ваниль мен цитрус, орхидея мен пачули, таушымылдық пен мақта - сіздің үйіңіз нағыз спа-салонға ұқсаған болсын. Мүмкін, мұндай кондиционерлерді жайлылық сезімін сақтау үшін тек үй тоқымасы және үйге арналған ыңғайлы киім үшін пайдаланғыңыз келеді. Ал мүмкін сіз керемет хош иіс барлық жерде және әрқашан жаныңызда жүруін қалайсыз ба? Қалай да болмасын, тұрақты хош иістер киімде 100 күнге дейін сақталады**.
  3. Француз хош иістері бар кір жууға арналған кондиционер
    Vernel Suprême желісі ассортиментінде сізді міндетті түрде қуантатын одан да таңдаулы француз хош иістері бар. Атақты сән астанасы Парижден шыққан парфюмерлер ең талғампаз тұтынушыларға бейімделіп арнайы формулаларды әзірлеген. Егер сіз көшедегі адамдар кондиционеріңіздің керемет хош иісін сезіп сіз жаққа айналып сіздің айтқысыз киіміңізді көрсін деп қаласаңыз, жай ғана сүйікті хош иісіңізді таңдаңыз да, подиумға қарай алға.
  4. Кір жууға арналған нәзік кондиционер Әрине, хош иісі айқын сезілмейтін кондиционер де өз функциясын жақсы орындай алады. Сезімтал теріге арналған Vernel ""Балалар"" және Vernel ""Сенситив"" кондиционерлерінде бояғыштар жоқ, олардың хош иісі өте нәзік және жіңішке, ал арнайы әзірленген формула дерматология тұрғысынан тесттен өткен болатын.

*Аромакапсулалардың арқасында жуылған затты пайдаланусыз сақтаған кезде 100 күнге дейін қарқынды балғындық.

**Аромакапсулалардың арқасында жуылған затты пайдаланусыз сақтаған кезде 100 күнге дейін қарқынды хош иіс.

КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ АУА СЕРГІТКІШІ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Мыльный пузырь с цветком внутри

Егер сізге кір жууға арналған кондиционеріңіздің хош иісі шын мәнінде ұнаса, оны ауа сергіткішіне айналдыруға болады. Алдын ала сұйылтылған кір жууға арналған кондиционеріне жібітілген құрғақ гүл күлтелерінен, жемістерден, қарағай бүршіктерінен немесе ағаш жоңқасынан қолдан жасалған саше жасаңыз. Немесе кір жууға арналған кондиционердің ерітіндісін әдемі шыны бөтелкеге құйыңыз да оған хош иісті тарату үшін бірнеше ағаш таяқша салыңыз.