КІР ЖУУ КЕЗІНДЕ КОНДИЦИОНЕРДІ ҚОСУҒА ТОҒЫЗ СЕБЕП
Кір жууға арналған кондиционерді не үшін пайдалану керек? Кір жуу кезінде кондиционерді қосудың тамаша екеніне бірнеше айқын және бірнеше онша айқын емес себеп бар. Сізге кірге арналған кондиционердің керек болатынын шешу оңай болу үшін біз тоғыз себептен тұратын тізімді жасадық.
1. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН КИІМІҢІЗДІ ЖҰМСАҚ ҚЫЛЫҢЫЗ

Кір жууға арналған кондиционер қалай әсер етеді? Бірінші мақсаттың - матаны жұмсарту болатыны айқын. Мүмкін, сіз кермек суы бар аймақта тұрасыз және дөрекі сүлгілерді және жіпте кепкен мақта футболкаларды шыдай алмайсыз. Мүмкін, сіз кондиционермен бірге жаңа жуылған ақжайманың жұмсақ жанасуын артық көресіз. Себептеріне қарамастан, егер сіздің киіміңіз, үйдегі тоқымаңыз және түкті заттарыңыз тегіс әрі жұмсақ болсын десеңіз, кір жууға арналған кондиционер (жұмсартқыш) қаптамасында жазылғанды дәл жасайды. Барлығы өте оңай.
2. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН СТАТИКАЛЫҚ ЗАРЯДТЫ АЗАЙТЫҢЫЗ
Кір жууға арналған кондиционер тағы не үшін керек? Екінші себеп - бұл антистатикалық әсерді жасау. Киміді киген кезде ол денеге жабысатын жағдайлар болды ма? Сіз свитерді шешкен кезде, ол сіздің шашыңызды электрлендіріп "ата" бастай ма? Тиген кезде айналадағыларды тоқпен ұратын жағдайларыңыз болды ма? Бұл зарядтың маталарда жинақталғанынан орын алады, ал кір жууға арналған кондиционер дәл дегендей статикалық электрдің жинақталуын болдырмайды (әсіресе синтетикалық маталарда), бұл орталық жылыту қосылатын және ауа өте құрғақ болатын қысқы мерзімде өте өзекті болады.
3. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН КИІМІҢІЗГЕ ЕРЕКШЕ ХОШ ИІС БЕРІҢІЗ
Хош иіс - бұл адамдардың кір жууға арналған кондиционерді пайдаланатын басты себептерінің бірі. Ең жақсы түсіндірмелердің бірі біздің иіс сезіміміздің терең эмоциялық түп-тамырына жатады. Өзінен өзі жағымды немесе жағымды естеліктерге байланысты хош иіс амандық сезімін тудырады және тіпті жаңа жағдайда да өзін үйдегідей сездіре алады. Таныс жағымды хош иіс еркін ұстауға көмектесе алады. Кір жууға арналған кондиционер тұрақты хош иісті сыйға тартады, және өз сүйікті иісіңізді таба салысымен, үйге және киімге өз бірегей хош иісіңізді бере аласыз.
4. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН КИІМІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ
Кір жууға арналған кондиционердің арқасында киім сипалап қарағанда жұмсақ және жағымды иісі болып қана қоймайды; осы кір жууға арналған құралдың едәуір көп пайдасы бар. Мата талшықтарын жұмсақ әрі тегіс қылатын кондициялайтын әсер оларды қорғайды. Осы қорғау келесі жуғанға дейін әсер етеді, яғни мата күнделікті пайдалану кезінде азырақ тозады.
5. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ТҮСТІ ҚОРҒАҢЫЗ

Осылайша кір жууға арналған кондиционер қара немесе жарқын түсті киім үшін де жақсы қызмет атқарады. Кір жууға арналған кондиционердің қорғаушы жұмсартқыш бөлшектері оңуға кедергі жасайды, өйткені олар матаның талшықтарын тегістейді, бұл матаның бетінде көмескілік әсерін тудыратын түйіршіктердің пайда болуы ықтималдылығын болдырмайды. Сондықтан сүйікті қара көйлегіңізді, қызғылт жейдеңізді немесе сары свитеріңізді ұзақ киюіңізге болады.
6. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ "ДҰРЫС" МАТАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛАНЫП ОНЫҢ КӨМЕГІМЕН ПАЙДА ӘКЕЛІҢІЗ
Кейбір адамдар кір жууға арналған үстемелерді пайдалануға қорқады, себебі біреу оларға кондиционердің киім үшін зиянды болады деп айтқан. Өзінен өзі бұл пікір шындыққа сәйкес келмейді. Ең қызығы қандай киімді кондиционермен, қайсысын - олсіз жуатынын қалай түсінуге болады. Ол пайда әкелетін маталар үшін ғана оны пайдаланыңыз, сонда ғана сіз әрдайым тамаша нәтиже алатын боласыз. Әрқашан заттаңбаны оқып жүріңіз және біздің толық нұқһсқаулықпен танысыңыз, ол үшін кірді жууға кірісер алдында кір жууға арналған кондиционерді пайдалануға болады.
7. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ОТЫРҒАН КИІМГЕ КҮЙІН ҚАЙТАРЫҢЫЗ

Ең алдымен жуу кезінде мата отырмас үшін үнемі киімдегі заттаңбаға назар алып отыру керек. Егер киім отырып қалса, бұрынғы күйін қайтару іс жүзінде мүмкін емес. Бірақ киімнің қайтадан сізге шақ болатындай пішінін қалпына келтіру үшін кір жууға арналған кондиционерді пайдалануға болады. Шелекті немесе шұңғылшаны жылы сумен толтырыңыз, кір жууға арналған кондиционердің бір қалпақшасын қосыңыз және отырған киімді бір түнге жібітіңіз. Ылғалды затты сығып алыңыз да ақырын жазыңыз. Затты көлденең күйінде кептіріңіз. Енді, сіз затыңызға бұрынғы пішінін қайтара алған кезде, оны қайтадан сүйсініп киюге болады.
8. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН КЕПТІРУ УАҚЫТЫН ҚЫСҚАРТЫҢЫЗ
Сіз кір жууға арналған кондиционерді пайдалансаңыз, киім тезірек кебеді. Талшықтарға берілетін су өткізбеуші қасиеттер ылғалды киімнен тиімді бұруға болысады, осыған байланысты сіз кір жуғыш машинадан киімді шығарғаннан кейін онда суы аз қалады. Демек, сіз уақытты, ал егер кептіргішті пайдалансаңыз - ақшаны және электр энергиясын үнемдейсіз.
9. КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН ҮТІКТЕУ ПРОЦЕСІН ЖЕҢІЛДЕТІҢІЗ
Кір жууға арналған кондиционерді қолданбаса бола ма? Ең дұрысы сіз "иә" деп жауап бересіз. Кір жууға арналған кондиционер өмірді және кір жуу процесін әлдеқайда оңай қыла ма? Әрине қылады! Сізге үтіктеу ұнайтынына қарамастан, осы міндетті сәл жеңілдететін көмекшіден бас тартқаныңыз екіталай. Кір жууға арналған кондиционердің жұмсартқыш қасиеттері арқасында матадағы бүкпелер азырақ көрінетін болады, сондықтан сіз мүлдем үтіктемесеңіз болады, немесе жұмсайтын уақытты айтарлықтай қысқартсаңыз болады. Осылайша, сіз уақытты ғана емес, электрді де үнемдейсіз.
КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӨЗ СЕБЕБІҢІЗДІ ТАБЫҢЫЗ
Кір жууға арналған кондиционер сіздің заттарыңызды жұмсақ және хош иісті қылады, статикалық электрдің пайда болуын алдын алады, киім үшін пайдалы болады және әрі қарай... Ең бастысы - бұл сіздің киіміңіз, сіздің таңдауыңыз, сондықтан Vernel кондиционерінің сізге ұнайтынын анықтаңыз, және ең маңызды себепті тізімге қосыңыз:
10. Кір жууға арналған кондиционерді пайдаланыңыз, себебі ол сізге ұнайды!