КОНДИЦИОНЕРДІ БАРЛЫҚ МАТАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА?
Біз кір жууға арналған кондиционерді пайдалану маңыздылығы туралы жиі естиміз. Бірақ бұның қажетті екені рас па? Кондиционерді сүлгілер үшін пайдалану керек пе? Кондиционер джинстер үшін жарай ма? Кондиционер төсек-орын жабдығы үшін қажет пе? Оны жүн маталары үшін пайдалану қауіпсіз бе? Ал спорттық киім жөнінде қалай? Спойлер: осы сұрақтардың біреуіне де бір мағыналы жауап жоқ. Мына себепті...
СҮЛГІЛЕРДІ ЖУУ КЕЗІНДЕ КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК ПЕ?

Сана түбінде жауап анық болуға тиіс сияқты. Маталарға арналған кондиционер оларды одан да жұмсақ етеді. Сүлгілер жұмсақ болуға тиіс. Неғұрлым жұмсақ және үлпілдек болса, соғұрлым жақсы болады емес пе? Мұнда сіздікі дұрыс. Бірақ кір жууға арналған кондиционердің матаны қорғау үшін оның әрбір бөлек талшығын бүркеп алатыны себебінен, бұл сіңіру қабілетін азайту мүмкін. Суды сіңірмейтін сүлгілердің аса қажеті де жоқ. Уайымдамаңыз, сізге тиімділік пен жайлылықтың арасында таңдаудың қажеті жоқ. Сүлгілердің сіңіру қабілетін төмендетпеу үшін, кір жууды кондиционерді пайдаланып және оны пайдаланбай кезектеп жүргізген жөн.
КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕР ДЖИНСТЕР ҮШІН ЖАРАЙДЫ МА?

Мүлтіксіз айтуға болады: кір жууға арналған кондиционер джинске күтім көрсету үшін жарайды. Оны пайдалану керектігі сіздің жеке қалауыңызға байланысты. Дәстүршілдер өңделмеген джинс матасын мүлдем жуудың қажеті жоқ деп есептейді. Жуу жоқ болса - кондиционер де керек емес. Бірақ біз лас пен тер әлемінде тұрып жатқанымыздан, мезгіл-мезгіл болсын джинстердің балғындығын ойланып отыру жаман емес. Ең жақсы нәтижелерге жету үшін джинсті 40 ⁰С аспайтын температурада, ішін сыртқа шығартып жуыңыз, ал ұнтақтың орнына кір жууға арналған жұмсақтау сұйық құралдарды пайдаланыңыз. Егер сіз джинстің жұмсақ болғанын және оларды үтіктей оңай болатынын қаласаңыз, кондиционерді пайдаланыңыз, өйткені Vernel кір жууға арналған кондиционермен бірге ұқыпты жуудан кейін олар тамаша көрінетін болады, сипалап қарағанда жұмсақ болады және ұмытылмас хош иіске ие болады.
КОНДИЦИОНЕР ТӨСЕК-ОРЫН ЖАБДЫҒЫ ҮШІН ҚАЖЕТ ПЕ?
Жұмсақ балғын төсек-орынға жатқаннан басқа жағымды нәрсе жоқ болғанымен, кір жууға арналған кондиционерді пайдалану жөнінде белгілі бір нәрсе айтуға болмайды. Бір жағынан, Vernel Suprême сияқты кір жууға арналған премиум кондиционері құрамындағы миллиондаған тегістейтін бөлшектердің және таңдаулы француз хош иісінің арқасында төсек-орын жабдығының күйін жақсартады. Екінші жағынан, кондициялайтын бөлшектер талшықтарды бүркеп алатынынан, кір жууға арналған кондиционер де сіңіруші қабілетін және ауа өткізгіштігін нашарлату мүмкін. Осылайша, ұйқы кезінде барынша жағымды сезімдер үшін төсек-орын жабдығын кондиционермен және кондиционерсіз кезектесіп жуған жөн.
КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ ЖҮН МАТАЛАР ҮШІН ПАЙДАЛАНУ ҚАУІПСІЗ БЕ?
Жүн - нәзік мата. Ол қарқынды әсер етуді немесе жоғары температураларды өте жақсы қабылдай бермейді және, егер оны дұрыс пайдаланбаса, уақыт өте келе ол дөрекі болып пішінін жоғалтады. Сондықтан жүн маталарды жуған кезде кір жууға арналған кондиционерді таңдауға талап қойып кірісу керектігіне таңданатыны жоқ. Сапасыз өнімді пайдалансаңыз, сіз жағымсыз салдардан, мысалы, түйіршіктерден зардап шегетін боласыз. Жүн бұйымдарыңыз үшін дұрыс өнімді таңдағанда Vernel Suprême кір жууға арналған премиум кондиционерлеріне назар аударыңыз. Миллиондаған тегістейтін бөлшектер матаның барлық талшықтарын орап шығады, оның бетін жұмсартып тегістейді, осының есебінен жүн бұйымдар өзінің табиғи созылмалылығын және жаңа түрін сақтайды.
КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН КОНДИЦИОНЕРДІ СПОРТТЫҚ КИІМ ҮШІН ПАЙДАЛАНУҒА БОЛА МА?

Қан, тер және жас ағуы - осының барлығы жаттығудың ажырамас бөлігі, ал кір жууға арналған кондиционер ше? Она пайдалануға бола ма? Өкінішке орай, жоқ. Кем дегенде, дәстүрлі мағынада емес. Спорттық және функционалдық киім ауаны жақсы өткізуге тиіс, ал кәдімгі кір жууға арналған кондиционерлердің әр талшықты қорғайтыны себебінен, олар мата мембраналарын еріксіз бітеу мүмкін. Егер өз спорттық киіміңізді оның пайдалану қасиеттеріне зиян келтірмей жаңартқыңыз келсе, ең жақсысы Perwoll Күтім және Балғындық кір жууға арналған гелін пайдалану керек. Жай ғана кір жуғыш ұнтақтың орнына кір жууға арналған негізгі құралға арналған бөлімшеге гельді қосыңыз және болды.